Спорт

Тарихи жетістік: Рыбакина Australian Open-нің жартылай финалына шықты

© AP Photo / Dita AlangkaraЕлена Рыбакина вышла в полуфинал Australian Open
Елена Рыбакина вышла в полуфинал Australian Open - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінде кезекті қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ширек финалда Рыбакина латвиялық Елена Остапенкомен кездесті. Бірінші сетте қарсыласын 32 минутта жеңіп шықты. Есеп – 6:2. Ал екінші сетте 0:2 есебімен ұтылып жатса да, кері брейк жасап, қатарынан төрт геймді алып кетті. Қорытынды есеп - 6:4.
© AP Photo / Dita AlangkaraЕлена Рыбакина жартылай финалға шықты
Елена Рыбакина вышла в полуфинал Australian Open - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2023
Елена Рыбакина жартылай финалға шықты
Айта кетері, Елена Остапенко әлемнің 17-ші ракеткасы болып саналады. Бұған дейін Рыбакина оны бірде-бір рет жеңіп көрмеген. Екі рет кездесті. Бірақ екі матчта та ұтылған. Осы жолы айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда Рыбакина Джессика Пегула (3) — Виктория Азаренко (24) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Қазірдің өзінде қазақстандық теннисші тарихи жетістікке жетіп отыр. Біздің спортшымыз алғаш рет Australian Open ширек финалына шығып қана қоймай, жартылай финалға жолдама алды.
Жаңалықтар
0