Жетісу облысында екі адам мінген тракторды жүк пойызы қағып кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 23 қаңтар – Sputnik. Жетісу облысында тауар пойызы тракторды қағып кетті, деп хабарлайды өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Қаратал ауданындағы Қанабек ауылындағы теміржол өткелінде болған.
"Апат салдарынан 18 жастағы және 41 жастағы ер адам зардап шекті. 41 жастағы азамат ауруханада көз жұмды",-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жетісу облысында теміржол өткелінде болған апаттан ер адам қаза тапты
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.