Жетісу облысында екі адам мінген тракторды жүк пойызы қағып кетті

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Жетысуской области Жетісу облысында екі адам мінген тракторды жүк пойызы қағып кетті
Жетісу облысында екі адам мінген тракторды жүк пойызы қағып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 қаңтар – Sputnik. Жетісу облысында тауар пойызы тракторды қағып кетті, деп хабарлайды өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Қаратал ауданындағы Қанабек ауылындағы теміржол өткелінде болған.
"Апат салдарынан 18 жастағы және 41 жастағы ер адам зардап шекті. 41 жастағы азамат ауруханада көз жұмды",-деп хабарлады баспасөз қызметі.
© Photo : Пресс-служба департамента полиции Жетысуской области Жетісу облысында теміржол өткелінде болған апаттан ер адам қаза тапты
Жетісу облысында теміржол өткелінде болған апаттан ер адам қаза тапты - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2023
Жетісу облысында теміржол өткелінде болған апаттан ер адам қаза тапты
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
0