АЛМАТЫ, 23 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы Сайқұдық ауылында мұғалім суицид жасады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
22 жастағы жас мұғалімнің денесін сарайдан туыстары тауып алған. Оқиға 17 қаңтарда болған.
"2001 жылы туған азамат сағат таңғы 08.00-де ауладағы сарайда суицид жасаған. Марқұмның денесінде өзге зорлық-зомбылық белгісі болған жоқ. Қайтыс болған кісінің денесі сот медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметі.