Өңірлер

"Қызым ондай іске бармаған": Қаза болған мұғалімнің анасы Тоқаевтан көмек сұрады

© Photo : РixabayДевушка смотрит в окно
Девушка смотрит в окно - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жиырма бір жастағы жергілікті тұрғын суицид жасады. Ол өлер алдындағы хатында ата-анасынан кешірім сұраған

АЛМАТЫ, 21 қаңтар – Sputnik. Жаркентте (Алматы облысындағы қала) жергілікті жол полициясы қызметкерінің жұбайы – 21 жастағы мұғалім өз-өзіне қол жұмсады. Жас келіншектің туыстары күйеуі оны бес айлық баласынан бас тартуға және 13 миллион теңге ұрлағанын мойындауға мәжбүрледі деп отыр.

Қайғылы оқиға жергілікті тұрғындарды дүрліктірді, сондықтан облыс әкімдігінен бір топ шенеунік келді. Олар марқұмның туыстарымен әңгімелесті.

Дегенмен келіншектің анасы халықтан, Қазақстан президентінен қызының өліміне кінәлілерді жазалауға көмек көрсетуді сұрап, Instagram-дағы Vjarkent паблигінде видео жариялады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ВЖаркенте (@vjarkente)

Оның айтуынша, құдалары алдымен қызын үйден қуып шыққан.

"Қызыма қысым көрсетіп, өз еркінен тыс 13 миллион теңгені ұрладым деп қолхат жаздырып алған. Осы қолхатты көлденең қойып, ұлынан бас тартуға мәжбүрледі. Бұған шыдамаған қызым үйге келіп, өз-өзіне қол жұмсады", - дейді әйел.  

Жас келіншек 14 қаңтар күні суицид жасады, ол өлер алдындағы хатында: "Анашым, әкешім, мені кешіріңіздерші. Сіздердің үміттеріңізді ақтай алмадым, Санжарды (ұлы – Sputnik) сіздерге қалдырамын" деп жазып қалдырған.

Айта кетейік, ол жергілікті мектептердің бірінде ағылшын тілінен сабақ берген, ерлі-зайыпты некеде бір жарым жыл тұрған.

Алматы облысының әкімдігі Sputnik Қазақстан тілшісіне қайғылы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Бұл іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында. Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері туыстарымен түсіндіру жұмысын жүргізді. Егер олар немесе басқа тұрғындар сенімсіздік білдірсе, қадағалау органы бар. Біз қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырдық", - деді әкімдік.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін атап өтті.

Хат жазып қалдырған: Солтүстік Қазақстанда қыз бен жігіттің мәйіті табылды

"Бұл іс бойынша күдіктілер жоқ, марқұмның жұбайынан куәгер ретінде жауап алынды. Істі тергеуге Алматы облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері тартылды", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.

 

Жаңалықтар
0