Спорт

Универсиадада Қазақстан құрамасы тағы бір медаль иеленді

Sputnik
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. АҚШ-та өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиада ойындарында Қазақстанның шорт-трек шеберлері ел қоржынына тағы бір медальді салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
5 мың метрлік командалық сайыста қазақстандық спортшылар екінші орынға ие болып, күміс медальді жеңіп алды. Жарыс жолына Санжар Жанысов, Антон Хван, Әлішер Абулкатимов, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Валерий Клименко шықты.
Алтын жүлдені Оңтүстік Корея құрамасы жеңіп алды. Ал нидерландиялық спортшы қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетері, Қазақстанның қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 2 қола бар.
Спорт
Универсиада-2023: Қазақстан қоржынына алтыншы медаль түсті