Спорт

Универсиада-2023: Қазақстан қоржынына алтыншы медаль түсті

© Photo : Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіДанил Васильев
Данил Васильев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 қаңтар - Sputnik. Қазақстан құрамасы АҚШ-та өтіп жатқан қысқы Универсиадада алтыншы медаль жеңіп алды, деп хабарлады Sports.kz.

Трамплиннен шаңғымен секіруден ерлер командасы арасында өткен сайыста Данил Васильев пен Сергей Ткаченко күміс медаль иеленді. Олар 470.3 нәтижесімен Жапония құрамасынан (452.9) басым түсті. Бірақ австралиялықтардан (470.5)жеңілді.
Құрамына Святослав Назаренко мен Никита Девяткин кірген екінші қазақстандық команда 381.7 ұпай жинап, жетінші орын алды.

Бұған дейін Данил Васильев жеке спортшылар арасында өткен жарыста алтын медаль иеленген еді. Сонымен қатар биатлоншылар Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков "алтын", биатлоншы Александр Мухин және шаңғы сайысынан әйелдер құрамасы "қола" алды.
Қазақстан студенттер командасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2023
Универсиада: Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Словакияны жеңді
Жаңалықтар
0