АСТАНА, 22 қаңтар - Sputnik. Елена Рыбакина (№25) әлемнің №1 ракеткасы польшалық Ига Швентекті жеңіп, Австралияның ашық чемпионатының ширек финалына шықты.
Бұл үшін Қазақстанның бірінші ракеткасы бір жарым сағат уақыт жұмсады – 6:4, 6:4. Ал екінші сетте Елена 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Турнирдің жартылай финалына шығу үшін қазақстандық теннисші Кори Гауфф және Елена Остапенко арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.