Денсаулық

Бүгін елде бір адам коронавирустан қайтыс болды

Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар - Sputnik. Қазақстанда коронавирус пневмонияcынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте республикада коронавирус жұқтырғандар саны азайды, 74 адам, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күн бұрын коронавирус жұқтырғандар саны 101 болатын.
20 қаңтардағы жағдай бойынша 1949 адам COVID-19-дан ем алуды жалғастырып жатыр. Оның ішінде 156 науқас стационарда, 1793 науқас амбулаторлық емделуде.
Науқастардың ішінде 10 адамның жағдайы ауыр, 5 науқастың жағдайы өте ауыр, 3 пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Елде коронавирустың жаңа штаммы анықталды