Елде коронавирустың жаңа штаммы анықталды

© AFP 2024 / STRМедик в защитном костюме работает с пробирками для ПЦР-тестов на коронавирус
Медик в защитном костюме работает с пробирками для ПЦР-тестов на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда коронавирустың Цербер штамы анықталды.
Бұл жөнінде премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлім болды.
"Соңғы секвенирлеу қорытындысы бойынша елде Омикрон BQ.1.1 (Цербер) штаммы нұсқасының 0,5% айналымы анықталды. Қалған 99,5% – омикрон штаммының басқа нұсқалары", - делінген ақпаратта.
Мәлім болғандай, қарашада қазан айымен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,6 есе өсті.
Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова атап өткендей, коронавирусқа тестілеу саны азайды, себебі ауру жеңілдей бастады, көбі медициналық көмекке жүгінбейді.
Барлық өңірлерде инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші бірден артық, бұл вирустың халық арасында белсенді айналымы мен таралуының белгісі.
Өңірлер бөлінісінде соңғы айда еліміздің үш өңірінде – Алматы, Астана және Қарағанды облысында аурушаңдықтың апта сайын 2,2 есеге дейін өсуі байқалады.
Сондай-ақ 5 өңірде (Ақмола, Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары, Шымкент қ.) соңғы аптадан бастап сырқаттанушылық аптасына 3,5 есеге дейін біртіндеп өсіп келеді.
Жаңалықтар
0