Рудныйда 24 көпқабатты үйдің тұрғындары жылусыз қалды

Sputnik
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысының Рудный қаласында жеке сектор мен 24 көпқабатты үйдің тұрғындары жылусыз қалды.
Бүгін таңертең Горняков көшесінің бойында диаметрі 530 миллиметр қалалық жылу магистралінде апат болды.
"Қазіргі уақытта жарылған жер анықталып жатыр. Одан кейін "Рудный жылу желілері" ЖШС-нің бригадалары мейлінше аз уақыт ішінде тиісті жұмыстарды жүргізеді", - деп түсіндірді Рудный қаласының әкімдігіндегілер.
24 көпқабатты үй, 59 жеке тұрғын үй, 16 заңды тұлғалар ғимараты жылусыз қалды.
Алматыда жүргізуші 200-ге жуық тұрғынды жылусыз қалдырды