https://sputnik.kz/20230117/almatyda-zhurgizushi-200-ge-zhuyq-turgyndy-zhylusyz-qaldyrdy-31179966.html
Алматыда жүргізуші 200-ге жуық тұрғынды жылусыз қалдырды
Алматыда жүргізуші 200-ге жуық тұрғынды жылусыз қалдырды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы Түрксіб ауданының "Қайрат" шағына ауданында 200 жуық тұрғын жылусыз қалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз... 17.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-17T12:15+0500
2023-01-17T12:15+0500
2023-01-17T12:15+0500
газ құбыры
https://sputnik.kz/img/07e5/03/01/16416680_0:275:2833:1869_1920x0_80_0_0_c3f95452be50afa4a4b4f881912ec31b.jpg
АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы Түрксіб ауданының "Қайрат" шағына ауданында 200 жуық тұрғын жылусыз қалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.16 қаңтарда жүк көлігінің жүргізушісі газ магистралін қиратып кеткен, салдарынан шағын ауданның бір бөлігінде газ беру тоқтатылды.Аудан әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қызметкерлері шағын аудан тұрғындарымен кездесіп, әр үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген."135 абонент газбен қамтамасыз етілді. Қалған 52 абонент әлі қосылған жоқ. Өйткені желілерде газ құбырлары бітеліп қалған, оларды жою үшін негізгі магистральды ажырату қажет. Қауіпсіздік техникасына сәйкес түнгі уақытта дәнекерлеу және іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілмейді", - дейді ведомство.Апатты қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/01/16416680_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_eb234416c8871e520b450b5b9254eee9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ құбыры
АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласы Түрксіб ауданының "Қайрат" шағына ауданында 200 жуық тұрғын жылусыз қалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
16 қаңтарда жүк көлігінің жүргізушісі газ магистралін қиратып кеткен, салдарынан шағын ауданның бір бөлігінде газ беру тоқтатылды.
"Апатты қалпына келтіру жұмыстары 3 сағаттан астам уақытқа созылды, содан соң желілерді іске қосу-жөндеу жұмыстары басталды. Алайда жөндеу бригадалары газбен толық көлемде қамтамасыз ете алмады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Аудан әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қызметкерлері шағын аудан тұрғындарымен кездесіп, әр үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
"135 абонент газбен қамтамасыз етілді. Қалған 52 абонент әлі қосылған жоқ. Өйткені желілерде газ құбырлары бітеліп қалған, оларды жою үшін негізгі магистральды ажырату қажет. Қауіпсіздік техникасына сәйкес түнгі уақытта дәнекерлеу және іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілмейді", - дейді ведомство.
Апатты қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.