Оқиға

Риддерде жылу орталығында өрт болды - видео

Sputnik
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Риддер қаласындағы жылу орталығында өрт болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт болған жылу орталығына облыс әкімі Даниал Ахметов өзі барған.
"Тілсіз жау 19 қаңтарда сағат 06:54-те жылу орталығының көмір беру цехында болған. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жылу желісінің температурасы уақытша төмендетілді", - деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Штаб отырысы өтеді. Штаб отырысының қорытындысы бойынша ресми ақпарат беріледі, деді әкімдіктегілер.
Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Өңірлер
Риддердегі жағдай: Ахметов апатқа не себеп болғанын айтты