https://sputnik.kz/20221108/ridder-akhmetov-totenshe-zhagday-29128242.html
Риддердегі жағдай: Ахметов апатқа не себеп болғанын айтты
Риддердегі жағдай: Ахметов апатқа не себеп болғанын айтты
Sputnik Қазақстан
9 қарашаға қарай сорғы жұмысы қалпына келтіріледі деген жоспар бар 08.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-08T09:25+0500
2022-11-08T09:25+0500
2022-11-08T09:25+0500
өңірлер
риддер
даниал ахметов
https://sputnik.kz/img/07e6/02/08/22622355_0:156:3000:1844_1920x0_80_0_0_f12529b9c188fdbee837138279240f07.jpg
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддер жылу электр станциясы коммуналдық меншікке қайтарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Облыс басшының айтуынша, қазіргі кезде ЖЭС-тағы жағдай қиын. Станция басшылығы мен қызметкерлері багер сорғысының жағдайына мән бермей келген. Соның салдарынан оны су басты. Қазіргі кезде суды ағызған. Бірақ ішкі жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. 9 қарашаға қарай сорғы жұмысы қалпына келтіріледі деген жоспар бар. "Сондай-ақ, апат кезінде 6-жоғары қысымды қазандықта фистула табылды. "Востоквзрывпром" ЖШС-нің екі бригадасы дәнекерлеумен және жөндеу жұмыстарымен айналысады. 8 қарашада аяқтауға тиіс. Осы қазандықты іске қосу үшін қажетті температуралық режимді қалпына келтіреді. Содан кейін бекітілген алгоритмге сәйкес жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырамыз", - дейді Ахметов. Осы орайда аймақ басшысы төтенше жағдайдың негізгі себебіне де тоқталды. "Нысан басшылығы оның жұмысына немқұрайлы қарап, сапасыз және тиімсіз жөндеу жүргізді. Біздің басты міндетіміз - жылумен жабдықтауды қалпына келтіру және қыс мезгілінде мұндай жағдайды болдырмау. Әрине, біз "Риддер ЖЭО"ны қаланың коммуналдық меншігіне қайтару мәселесін қарастырып жатырмыз", - деп атап көрсетті Ахметов.
риддер
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/08/22622355_167:0:2834:2000_1920x0_80_0_0_cee59d035938b58c84d68673f1cd7c0b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
риддер, даниал ахметов
Риддердегі жағдай: Ахметов апатқа не себеп болғанын айтты
9 қарашаға қарай сорғы жұмысы қалпына келтіріледі деген жоспар бар
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддер жылу электр станциясы коммуналдық меншікке қайтарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Облыс басшының айтуынша, қазіргі кезде ЖЭС-тағы жағдай қиын. Станция басшылығы мен қызметкерлері багер сорғысының жағдайына мән бермей келген. Соның салдарынан оны су басты. Қазіргі кезде суды ағызған. Бірақ ішкі жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. 9 қарашаға қарай сорғы жұмысы қалпына келтіріледі деген жоспар бар.
"Сондай-ақ, апат кезінде 6-жоғары қысымды қазандықта фистула табылды. "Востоквзрывпром" ЖШС-нің екі бригадасы дәнекерлеумен және жөндеу жұмыстарымен айналысады. 8 қарашада аяқтауға тиіс. Осы қазандықты іске қосу үшін қажетті температуралық режимді қалпына келтіреді. Содан кейін бекітілген алгоритмге сәйкес жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырамыз", - дейді Ахметов.
Осы орайда аймақ басшысы төтенше жағдайдың негізгі себебіне де тоқталды.
"Нысан басшылығы оның жұмысына немқұрайлы қарап, сапасыз және тиімсіз жөндеу жүргізді. Біздің басты міндетіміз - жылумен жабдықтауды қалпына келтіру және қыс мезгілінде мұндай жағдайды болдырмау. Әрине, біз "Риддер ЖЭО"ны қаланың коммуналдық меншігіне қайтару мәселесін қарастырып жатырмыз", - деп атап көрсетті Ахметов.