Былтыр Алматыға 99 мың шетелдік келген – көші-қон полициясы

Sputnik
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Былтыр Алматыға 99 мың шетелдік келіп, 8 824-і көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматының көші-қон полициясының мәліметінше, 2022 жылы қалада уақытша жүрген шетелдіктердің саны 99 138 адамды құраған. Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 35 938 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Көші-қон заңнамасын бұзғандардың 8 824-і шетел азаматы. Әкімшілік жолмен 695 шетелдік елден шығарылды. 1 828 басқа елдің азаматы жеке басын куәландыратын құжаттары болғаны үшін полиция департаментінің қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 195 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Оның айтуынша, өткен жылы қалада заңсыз көші-қонның 17 арнасы анықталып, жолы кесілді.