Астанада үлескерлерді тартуға рұқсаты жоқ компаниялардың тізімі жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Астанада құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ компаниялардың тізімі жаңартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тізімге кірген көппәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз болып саналады.
"Астана қаласының әкімдігі рұқсат құжаттары жоқ (құрылысқа рұқсат, "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" ШЖҚ РМК оң қорытындысы) тұрғын үйлерден пәтер алмауға кеңес береді", - дейді мамандар.
Айта кетері, "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заң бойынша құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын тарту үшін арнайы рұқсат болуы қажет. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабында, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 214-бабында кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Барлық сұрақ бойынша Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына 8 (7172) - 55-04-28, 55-67-03 телефондары бойынша хабарласуға болады.
Нысандар тізімін мына жерден көруге болады.