https://sputnik.kz/20230119/astanada-uleskerlerdi-tartuga-ruqsaty-zhoq-kompaniyalardyn-tizimi-zhariyalandy-31278093.html
Астанада үлескерлерді тартуға рұқсаты жоқ компаниялардың тізімі жарияланды
Астанада үлескерлерді тартуға рұқсаты жоқ компаниялардың тізімі жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Астанада құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ компаниялардың тізімі жаңартылды, деп... 19.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-19T21:50+0500
2023-01-19T21:50+0500
2023-01-19T21:50+0500
құрылыс
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/1191/12/11911299_63:0:2948:1623_1920x0_80_0_0_9d077cd2b0c1ca7ee4d2668252076e3b.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Астанада құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ компаниялардың тізімі жаңартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.Тізімге кірген көппәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз болып саналады.Айта кетері, "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заң бойынша құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын тарту үшін арнайы рұқсат болуы қажет. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабында, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 214-бабында кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.Барлық сұрақ бойынша Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына 8 (7172) - 55-04-28, 55-67-03 телефондары бойынша хабарласуға болады.Нысандар тізімін мына жерден көруге болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/12/11911299_424:0:2588:1623_1920x0_80_0_0_786b5185bd18f6495ecac8479b0b3bd0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс, тұрғын үй
Астанада үлескерлерді тартуға рұқсаты жоқ компаниялардың тізімі жарияланды
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Астанада құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ компаниялардың тізімі жаңартылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми
сайтына сілтеме жасап.
Тізімге кірген көппәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз болып саналады.
"Астана қаласының әкімдігі рұқсат құжаттары жоқ (құрылысқа рұқсат, "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" ШЖҚ РМК оң қорытындысы) тұрғын үйлерден пәтер алмауға кеңес береді", - дейді мамандар.
Айта кетері, "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заң бойынша құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын тарту үшін арнайы рұқсат болуы қажет. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабында, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 214-бабында кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Барлық сұрақ бойынша Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына 8 (7172) - 55-04-28, 55-67-03 телефондары бойынша хабарласуға болады.
Нысандар тізімін
мына жерден көруге болады.