АСТАНА, 18 қаңтар - Sputnik. Орталық Азия елдері мен Ресей қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.
"Екіжақты қарым-қатынастардан басқа, ұжымдық форматтар бар. Бұл - ТМД, ШЫҰ, Еуразиялық экономикалық одақ, ҰҚШҰ", - деді көрші елдің СІМ басшысы.
Айтуынша, соңғы екі жылда Орталық Азия бестігі және Ресей, яғни 5+1 ынтымақтастықтың қосымша форматы дамып жатыр.
Айта кетері, Ресейдің сыртқы істер министрі 2022 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр.