4000-7500 жыл бұрын пайда болған сирек кездесетін олжа Израильдің көне заттар басқармасының археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Ол Беэр-Милка ауылшаруашылық елді мекенінің жанында, ежелгі көшпенділердің тұрағында, Негев шөлінің оңтүстігінде табылды.
Мұнда сондай-ақ күйдірілген тастар, шақпақ тастар мен тастан жасалған құралдар, қыш ыдыстар табылған. Алайда пісірілген түйеқұс жұмыртқаларының коллекциясы археологтар үшін ерекше олжа болды.
Ғалымдар бұл жер құмды болғандықтан жұмыртқа ұзақ уақыт сақталған деп түсіндіреді. Бұл орайда жергілікті құрғақ климат та маңызды рөл атқарған.