Израиль археологтары 4 000 жыл бұрынғы түйеқұс жұмыртқасын тапты
Израиль археологтары 4 000 жыл бұрынғы түйеқұс жұмыртқасын тапты
Sputnik Қазақстан
4000 жыл бұрын пісірілген жұмыртқалар Израильде табылған. Олар қалай сақталды? Көпшілікті таңғалдырған жұмыртқаның фотосын тамашалаңыз! 17.01.2023, Sputnik Қазақстан
4000-7500 жыл бұрын пайда болған сирек кездесетін олжа Израильдің көне заттар басқармасының археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Ол Беэр-Милка ауылшаруашылық елді мекенінің жанында, ежелгі көшпенділердің тұрағында, Негев шөлінің оңтүстігінде табылды.Мұнда сондай-ақ күйдірілген тастар, шақпақ тастар мен тастан жасалған құралдар, қыш ыдыстар табылған. Алайда пісірілген түйеқұс жұмыртқаларының коллекциясы археологтар үшін ерекше олжа болды.Ғалымдар бұл жер құмды болғандықтан жұмыртқа ұзақ уақыт сақталған деп түсіндіреді. Бұл орайда жергілікті құрғақ климат та маңызды рөл атқарған.
4000 жыл бұрын пісірілген жұмыртқалар Израильде табылған. Олар қалай сақталды? Көпшілікті таңғалдырған жұмыртқаның фотосын тамашалаңыз!
4000-7500 жыл бұрын пайда болған сирек кездесетін олжа Израильдің көне заттар басқармасының археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Ол Беэр-Милка ауылшаруашылық елді мекенінің жанында, ежелгі көшпенділердің тұрағында, Негев шөлінің оңтүстігінде табылды.
Мұнда сондай-ақ күйдірілген тастар, шақпақ тастар мен тастан жасалған құралдар, қыш ыдыстар табылған. Алайда пісірілген түйеқұс жұмыртқаларының коллекциясы археологтар үшін ерекше олжа болды.
Ғалымдар бұл жер құмды болғандықтан жұмыртқа ұзақ уақыт сақталған деп түсіндіреді. Бұл орайда жергілікті құрғақ климат та маңызды рөл атқарған.
Ежелгі уақытта түйеқұс жұмыртқалары тек тамақ үшін ғана емес, зергерлік бұйымдар мен тұмарлар ретінде пайдаланылған. Олар сондай-ақ су құятын ыдыстың да рөлін атқарған.
Ежелгі уақытта түйеқұс жұмыртқалары тек тамақ үшін ғана емес, зергерлік бұйымдар мен тұмарлар ретінде пайдаланылған. Олар сондай-ақ су құятын ыдыстың да рөлін атқарған.
Ғалымдардың айтуынша, түйеқұс 19 ғасырда жабайы табиғатта жойылып кеткенге дейін сол замандағы тұрғындар үшін күнкөрістің көзі болған. Жалпы түйеқұс жұмыртқасы әр кезеңдегі археологиялық орындарда табылып тұрған. Сол замандағы адамдар үшін түйеқұс шикізат пен азық-түлік көзі ретінде маңызды болған.