Өңірлер

Абай облысында әуежай маңынан табыт табылды - оқиғаның мән-жайы

Sputnik
АЛМАТЫ, 17 қаңтар - Sputnik. Абай облысында әуежай маңынан табыт табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Табытта адамның мәйіті болмаған.

"Ер адамның денесі 8 қаңтарда Алматыдан Семей қаласына, кейін Көкпекті ауданына жерлеу үшін тасымалданғаны анықталды. Мәйітті тасымалдау үшін пайдаланылған табытты әуежайдың маңында қалдырып кеткен", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Бұл факт бойынша марқұмның 32 жастағы туысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.
Қоғам
Полицейлер қару-жарақты қылмыскерлер мен жат ағым өкілдеріне сатып келген