https://sputnik.kz/20230116/politseyler-qaru-zharaq-qylmyskerler-31142585.html
Полицейлер қару-жарақты қылмыскерлер мен жат ағым өкілдеріне сатып келген
Полицейлер қару-жарақты қылмыскерлер мен жат ағым өкілдеріне сатып келген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда тіркеуден шығарылған қару-жарақты қылмыс әлемі мен деструктивті діни ағым өкілдеріне сатып келген құқық қорғау... 16.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-16T10:06+0500
2023-01-16T10:06+0500
2023-01-16T10:44+0500
қоғам
қару-жарақ
полицейлер
https://sputnik.kz/img/07e7/01/10/31142057_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_fe63e750e86f6a7a088668c96092c6f1.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда тіркеуден шығарылған қару-жарақты қылмыс әлемі мен деструктивті діни ағым өкілдеріне сатып келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бұрынғы қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың көмекшілеріне сот үкімі шықты.Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесіп Алматы қаласы және Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қаруды қайта айналымға шығару арнасының жолын кесті.Тіркеуден шығарылған қару мен оқ-дәрі қылмыстық схема бойынша жойылды деген жалған есеп арқылы кейін сатылуға шығарылып отырған."Құрықтау және тінту барысында 347 бірлік қару, 13 граната және 7 387 оқ-дәрі алынды. Полицияның бұрынғы қызметкері ұйымдастырған қаруды модификациялау цехы жойылды", - деп хабарлады ҰҚК.Сонымен қатар, қару-жарақты кімдер сатып алғаны анықталды. Олар: қылмыс әлемі, деструктивті діни ағымдар және бұрынғы полицейлер.Сот үкімімен кінәлі адамдар 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.Қызметтік міндетіне салғырт қарағаны және жеке құрамды бақылауды әлсіреткені үшін құқық қорғау органдарының бірқатар басшысы теріс негіз бойынша қызметтен шығарылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/10/31142057_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_30bd9aeeae962120cb780238ffeaf6db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қару-жарақ, полицейлер
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда тіркеуден шығарылған қару-жарақты қылмыс әлемі мен деструктивті діни ағым өкілдеріне сатып келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бұрынғы қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың көмекшілеріне сот үкімі шықты.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесіп Алматы қаласы және Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қаруды қайта айналымға шығару арнасының жолын кесті.
Тіркеуден шығарылған қару мен оқ-дәрі қылмыстық схема бойынша жойылды деген жалған есеп арқылы кейін сатылуға шығарылып отырған.
"Құрықтау және тінту барысында 347 бірлік қару, 13 граната және 7 387 оқ-дәрі алынды. Полицияның бұрынғы қызметкері ұйымдастырған қаруды модификациялау цехы жойылды", - деп хабарлады ҰҚК.
Сонымен қатар, қару-жарақты кімдер сатып алғаны анықталды. Олар: қылмыс әлемі, деструктивті діни ағымдар және бұрынғы полицейлер.
Сот үкімімен кінәлі адамдар 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Қызметтік міндетіне салғырт қарағаны және жеке құрамды бақылауды әлсіреткені үшін құқық қорғау органдарының бірқатар басшысы теріс негіз бойынша қызметтен шығарылды.