Қоғам

McDonald’s-тің нарықтан кетуі Қазақстанның беделіне нұқсан келтірмейді – СІМ

Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров McDonald’s компаниясының Қазақстанда жұмысын тоқтатуы елдің имиджіне кері әсер етпейді деп санайды.
Сыртқы істер министрлігінде өткен апта сайынғы брифингте журналистер McDonald’s-тің нарықтан кетуі Қазақстанның әлемдік аренадағы беделіне қалай әсер ететінін сұрады.
Смадияров қоғамдық тамақтануға қатысты мәселе министрліктің құзыретіне жатпайтынын атап өтті.
"Ешбір жағдайда да әсер етпейді. Қандай компания келмесін, бәсекелестік бар, нарық бар. Нарық өзі реттейді. Біреу келеді, біреу кетеді. Қай жерде McDonald’s кетті екен деп Қазақстанның имиджіне нұқсан келді? Жоқ, әлде елдің беделі McDonald’s арқылы бағалана ма? Басқа да әлемдік компаниялар бар ғой", - деді Смадияров.
5 қаңтарда McDonald's компаниясы Қазақстанда қызметін тоқтатқаны хабарланды. Енді McDonald’s брендімен жұмыс істеген "Food Solutions KZ" ЖШС жаңа атаумен ашылады.
Смайылов McDonald's компаниясы қандай себеппен Қазақстаннан кеткенін айтты