https://sputnik.kz/20230116/mcdonalds-qazaqstan-bedeli-nuqsan-sim-31160377.html
McDonald’s-тің нарықтан кетуі Қазақстанның беделіне нұқсан келтірмейді – СІМ
McDonald’s-тің нарықтан кетуі Қазақстанның беделіне нұқсан келтірмейді – СІМ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров McDonald’s компаниясының Қазақстанда жұмысын тоқтатуы елдің имиджіне... 16.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-16T16:37+0500
2023-01-16T16:37+0500
2023-01-16T16:37+0500
қоғам
компания
нарық
https://sputnik.kz/img/07e7/01/06/30895123_1:0:1919:1079_1920x0_80_0_0_9c26574e3c97a681cba15b246283ac62.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров McDonald’s компаниясының Қазақстанда жұмысын тоқтатуы елдің имиджіне кері әсер етпейді деп санайды.Сыртқы істер министрлігінде өткен апта сайынғы брифингте журналистер McDonald’s-тің нарықтан кетуі Қазақстанның әлемдік аренадағы беделіне қалай әсер ететінін сұрады.Смадияров қоғамдық тамақтануға қатысты мәселе министрліктің құзыретіне жатпайтынын атап өтті."Ешбір жағдайда да әсер етпейді. Қандай компания келмесін, бәсекелестік бар, нарық бар. Нарық өзі реттейді. Біреу келеді, біреу кетеді. Қай жерде McDonald’s кетті екен деп Қазақстанның имиджіне нұқсан келді? Жоқ, әлде елдің беделі McDonald’s арқылы бағалана ма? Басқа да әлемдік компаниялар бар ғой", - деді Смадияров.5 қаңтарда McDonald's компаниясы Қазақстанда қызметін тоқтатқаны хабарланды. Енді McDonald’s брендімен жұмыс істеген "Food Solutions KZ" ЖШС жаңа атаумен ашылады.
https://sputnik.kz/20230111/smayylov-mcdonalds-kompaniyasy-qazaqstannan-ketty-31019702.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/06/30895123_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_bb05b13d389a0b49b36678dec7dad064.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
компания, нарық
McDonald’s-тің нарықтан кетуі Қазақстанның беделіне нұқсан келтірмейді – СІМ
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров McDonald’s компаниясының Қазақстанда жұмысын тоқтатуы елдің имиджіне кері әсер етпейді деп санайды.
Сыртқы істер министрлігінде өткен апта сайынғы брифингте журналистер McDonald’s-тің нарықтан кетуі Қазақстанның әлемдік аренадағы беделіне қалай әсер ететінін сұрады.
Смадияров қоғамдық тамақтануға қатысты мәселе министрліктің құзыретіне жатпайтынын атап өтті.
"Ешбір жағдайда да әсер етпейді. Қандай компания келмесін, бәсекелестік бар, нарық бар. Нарық өзі реттейді. Біреу келеді, біреу кетеді. Қай жерде McDonald’s кетті екен деп Қазақстанның имиджіне нұқсан келді? Жоқ, әлде елдің беделі McDonald’s арқылы бағалана ма? Басқа да әлемдік компаниялар бар ғой", - деді Смадияров.
5 қаңтарда McDonald's компаниясы Қазақстанда қызметін тоқтатқаны хабарланды. Енді McDonald’s брендімен жұмыс істеген "Food Solutions KZ" ЖШС жаңа атаумен ашылады.