Білім

Гарвард студенттері Қазақстанда тағылымдамадан өтуі мүмкін

Sputnik
АЛМАТЫ, 16 қаңтар - Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гарвард студенттерінің Қазақстанда тағылымдамадан өтуі туралы уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды министрлік.
Ведомство басшысы АҚШ-қа іс-сапар кезінде алдыңғы қатарлы бірқатар оқу орнының басшыларымен кездесті.
Саясат Нұрбек Қазақстанның жоғары білімін дамыту мақсатында жетекші әлемдік жоғары оқу орнымен серіктестік ұсынды.
Гарвард Кеннеди мектебінің халықаралық қаржы және даму жөніндегі Sumitomo - FASID профессоры, Халықаралық даму орталығының директоры Азим Кхваджамен ынтымақтастықты Гарвард студенттерінің Қазақстандағы тағылымдамасынан бастауды ұсынды.
Бұл бастаманы тереңірек талқылау үшін Гарвардтың басшылығы Қазақстанға келетін болды.
Студенттер жатақханасын салатын инвесторларға жеңілдік жасалады