Білім

Гарвард студенттері Қазақстанда тағылымдамадан өтуі мүмкін

© Associated PressГарвард университеті
Гарвард университеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 16 қаңтар - Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гарвард студенттерінің Қазақстанда тағылымдамадан өтуі туралы уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды министрлік.
Ведомство басшысы АҚШ-қа іс-сапар кезінде алдыңғы қатарлы бірқатар оқу орнының басшыларымен кездесті.
Саясат Нұрбек Қазақстанның жоғары білімін дамыту мақсатында жетекші әлемдік жоғары оқу орнымен серіктестік ұсынды.
Гарвард Кеннеди мектебінің халықаралық қаржы және даму жөніндегі Sumitomo - FASID профессоры, Халықаралық даму орталығының директоры Азим Кхваджамен ынтымақтастықты Гарвард студенттерінің Қазақстандағы тағылымдамасынан бастауды ұсынды.
Бұл бастаманы тереңірек талқылау үшін Гарвардтың басшылығы Қазақстанға келетін болды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2022
Студенттер жатақханасын салатын инвесторларға жеңілдік жасалады
Жаңалықтар
0