АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері ертең, 16 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Республика аумағының басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Елдің қиыр солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен байланысты қар жауады, жел күшейіп, боран соғады.
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман жүреді деп болжанып отыр.
Түнде солтүстікте, Жетісу облысының таулы аймақтарында 28-33 градус, Алматы облысында 24-29 градус қатты аяз сақталады.