"АрселорМиттал Теміртауда" тағы да төтенше жағдай болды

Sputnik
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында жаңа төтенше жағдай болғаны туралы компания мамандары хабарлады.
"13 қаңтарда ЖЭО-2 аумағында газ жүретін жол ішінара опырылды. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған "АрселорМиттал Теміртау" хабарламасында.
Компанияның мәліметінше, бұл оқиға ЖЭО-2 жұмысына әсер етпеген, қазір кәсіпорында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Жалпы, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өндірістік нысандары көптен бері қоғам назарында тұр.
Қаңтар айының басында "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорны аумағында мердігер ұйымның жұмысшысы тоқ соғып қайтыс болды.