"АрселорМиттал Теміртауда" тағы да төтенше жағдай болды

© Photo : Пресс-служба "АрселорМиттал Темиртау""АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өндірістік нысандары
АрселорМиттал Теміртау компаниясының өндірістік нысандары - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында жаңа төтенше жағдай болғаны туралы компания мамандары хабарлады.
"13 қаңтарда ЖЭО-2 аумағында газ жүретін жол ішінара опырылды. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған "АрселорМиттал Теміртау" хабарламасында.
Компанияның мәліметінше, бұл оқиға ЖЭО-2 жұмысына әсер етпеген, қазір кәсіпорында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Жалпы, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының өндірістік нысандары көптен бері қоғам назарында тұр.
Қаңтар айының басында "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорны аумағында мердігер ұйымның жұмысшысы тоқ соғып қайтыс болды.
Жаңалықтар
0