АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Сенат депутаттары Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үш судья да басқа қызметке тағайындалып отыр. Атап айтқанда, Вячеслав Салия Қостанай облыстық сотының төрағасы болып кетті. Ал Асан Ескендіров пен Айгүл Қыдырбаева конституциялық соттың судьялары болып тағайындалды. Осыған байланысты үшеуі де Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды.
Сенат депутаттары тиісті қаулыны бірауыздан қабылдады.