https://sputnik.kz/20230102/toqaev-konstitutsiyalyq-sot-zharlyq-30810365.html
Тоқаев Конституциялық сотқа қатысты жарлыққа қол қойды
Тоқаев Конституциялық сотқа қатысты жарлыққа қол қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот туралы жарлыққа қол қойды. Құжатта сот аппаратының қызметі де көрсетілген... 02.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-02T12:22+0500
2023-01-02T12:22+0500
2023-01-02T12:22+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
сот
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270051_0:46:1280:766_1920x0_80_0_0_5aa697c0830d813466e9e215d936dc1c.jpg
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот туралы жарлыққа қол қойды. Құжатта сот аппаратының қызметі де көрсетілген, деп хабарлайды Ақорда.Өткен жылы Қазақстанда конституциялық өзгерістер аясында Конституциялық сот құруға шешім қабылданды. Осы құрылымның басты ерекшелігі сол, Конституциялық соттың құзыретіне сайлауды өткізудің дұрыстығы мәселелерін қарау, парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың республика Конституциясына сәйкестігін қарау, сондай-ақ Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру кіреді. Осылайша, Конституциялық кеңестің барлық қолданыстағы функциясы Конституциялық сотқа берілді.Ал, ең бастысы, Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Конституциялық сот азаматтардың өтінішімен олардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты нормативтік-құқықтық актілерді Конституцияға сәйкестігін қарайды. Сондай-ақ Конституциялық сотқа бас прокурор мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл де жүгіне алады.Айта кетері, 29 желтоқсанда Тоқаев Конституциялық сот төрағасын тағайындады. Осы қызметке Эльвира Әзімова лайықты деп танылды. Бұдан бөлек, мемлекет басшысының жарлығымен 1 қаңтардан бастап Конституциялық сот судьясы қызметіне бірнеше адам тағайындалды: Олар:Ал мәжілісте тағы үш судьяның кандидатурасы қаралды. Осылайша, Қанат Мусин, Еркін Оңғарбаев пен Сергей Ударцев жаңадан құрылған соттың судьясы болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270051_99:0:1182:812_1920x0_80_0_0_0ea8aaede9ef1a9c45b66834c0f81cba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, сот
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот туралы жарлыққа қол қойды. Құжатта сот аппаратының қызметі де көрсетілген, деп хабарлайды Ақорда.
Өткен жылы Қазақстанда конституциялық өзгерістер аясында Конституциялық сот құруға шешім қабылданды. Осы құрылымның басты ерекшелігі сол, Конституциялық соттың құзыретіне сайлауды өткізудің дұрыстығы мәселелерін қарау, парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың республика Конституциясына сәйкестігін қарау, сондай-ақ Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру кіреді. Осылайша, Конституциялық кеңестің барлық қолданыстағы функциясы Конституциялық сотқа берілді.
Ал, ең бастысы, Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Конституциялық сот азаматтардың өтінішімен олардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты нормативтік-құқықтық актілерді Конституцияға сәйкестігін қарайды. Сондай-ақ Конституциялық сотқа бас прокурор мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл де жүгіне алады.
Айта кетері, 29 желтоқсанда Тоқаев Конституциялық сот төрағасын тағайындады. Осы қызметке Эльвира Әзімова лайықты деп танылды. Бұдан бөлек, мемлекет басшысының жарлығымен 1 қаңтардан бастап Конституциялық сот судьясы қызметіне бірнеше адам тағайындалды: Олар:
Ал мәжілісте тағы үш судьяның кандидатурасы қаралды. Осылайша, Қанат Мусин, Еркін Оңғарбаев пен Сергей Ударцев жаңадан құрылған соттың судьясы болды.