АЛМАТЫ, 12 қаңтар - Sputnik. Орталық сайлау комиссиясында Сенат депутаттарының сайлауына дайындық талқыланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 13 қаңтарда сағат 00:00-де кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталатынын хабарлады.
"Күнтізбелік жоспарға сәйкес, дауыс беру күнін ұйымдастыруға және өткізуге байланысты барлық сайлауалды іс-шара аяқталады. 13 қаңтар - үнсіздік күні", - деді ОСК төрағасы.
Отырысқа онлайн-режимде облыстардың, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары қатысты. Аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының дауыс беру күніне дайындығы туралы ақпараты тыңдалды.
Сайлау комиссияларының ұсынылған деректеріне сәйкес, сайлау бюллетеньдеріне 55 кандидат енгізілген.
Кандидаттар ең көп тіркелген Алматы қаласы – 4 үміткер. Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында 2 кандидаттан тіркелді, қалған өңірлерде және Астана және Шымкент қалаларында 3 кандидат ұсынылды.
"Республика бойынша сайлаушылар тізіміне мәслихаттардың 3168 депутаты енгізілді. Түркістан облысында– 317 және Қостанай облысында - 263 сайлаушы", - деп түйіндеді Нұрлан Әбдіров.
Орта есеппен бір мандатқа 3 үміткер.
Нұрлан Әбдіров өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын атап өтті.
Еске сала кетсек, парламенттің жоғарғы палатасына депутаттарды сайлау 14 қаңтарда өтеді.