https://sputnik.kz/20230112/osk-senat-saylauyna-dayyndyq-barysy-turaly-aytty-31068493.html
Ертең - тыныштық күні: ОСК сенат сайлауына дайындық барысы туралы айтты
Ертең - тыныштық күні: ОСК сенат сайлауына дайындық барысы туралы айтты
АЛМАТЫ, 12 қаңтар - Sputnik. Орталық сайлау комиссиясында Сенат депутаттарының сайлауына дайындық талқыланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 12.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-12T20:50+0600
2023-01-12T20:50+0600
2023-01-12T20:50+0600
сенат
сайлау
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0c/31063949_1:0:1919:1079_1920x0_80_0_0_82a41c5ecb0511758a62428b70382bd2.jpg
АЛМАТЫ, 12 қаңтар - Sputnik. Орталық сайлау комиссиясында Сенат депутаттарының сайлауына дайындық талқыланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 13 қаңтарда сағат 00:00-де кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталатынын хабарлады. Отырысқа онлайн-режимде облыстардың, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары қатысты. Аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының дауыс беру күніне дайындығы туралы ақпараты тыңдалды. Сайлау комиссияларының ұсынылған деректеріне сәйкес, сайлау бюллетеньдеріне 55 кандидат енгізілген. Кандидаттар ең көп тіркелген Алматы қаласы – 4 үміткер. Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында 2 кандидаттан тіркелді, қалған өңірлерде және Астана және Шымкент қалаларында 3 кандидат ұсынылды. "Республика бойынша сайлаушылар тізіміне мәслихаттардың 3168 депутаты енгізілді. Түркістан облысында– 317 және Қостанай облысында - 263 сайлаушы", - деп түйіндеді Нұрлан Әбдіров. Орта есеппен бір мандатқа 3 үміткер. Нұрлан Әбдіров өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын атап өтті. Еске сала кетсек, парламенттің жоғарғы палатасына депутаттарды сайлау 14 қаңтарда өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0c/31063949_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_6ab134ab5b09b49c04805e6ada5e453d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
сенат, сайлау
АЛМАТЫ, 12 қаңтар - Sputnik. Орталық сайлау комиссиясында Сенат депутаттарының сайлауына дайындық талқыланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 13 қаңтарда сағат 00:00-де кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталатынын хабарлады.
"Күнтізбелік жоспарға сәйкес, дауыс беру күнін ұйымдастыруға және өткізуге байланысты барлық сайлауалды іс-шара аяқталады. 13 қаңтар - үнсіздік күні", - деді ОСК төрағасы.
Отырысқа онлайн-режимде облыстардың, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары қатысты. Аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының дауыс беру күніне дайындығы туралы ақпараты тыңдалды.
Сайлау комиссияларының ұсынылған деректеріне сәйкес, сайлау бюллетеньдеріне 55 кандидат енгізілген.
Кандидаттар ең көп тіркелген Алматы қаласы – 4 үміткер. Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында 2 кандидаттан тіркелді, қалған өңірлерде және Астана және Шымкент қалаларында 3 кандидат ұсынылды.
"Республика бойынша сайлаушылар тізіміне мәслихаттардың 3168 депутаты енгізілді. Түркістан облысында– 317 және Қостанай облысында - 263 сайлаушы", - деп түйіндеді Нұрлан Әбдіров.
Орта есеппен бір мандатқа 3 үміткер.
Нұрлан Әбдіров өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын атап өтті.
Еске сала кетсек, парламенттің жоғарғы палатасына депутаттарды сайлау 14 қаңтарда өтеді.