АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Әлихан Смайылов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын атап өтті.
Сонымен қатар премьер-министр "АрселорМиттал Теміртауға" кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін айтты.
Ал Виджай Гоял барлық тексеру шарасына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.