"АрселорМиттал Теміртау" компаниясын тексеруге тәуелсіз консультанттар шақырылды

© SputnikАрселорМиттал Теміртау
АрселорМиттал Теміртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2023
Жазылу
Үкіметте "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына кешенді тексеру жүргізу мәселелері талқыланды
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Әлихан Смайылов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын атап өтті.
Сонымен қатар премьер-министр "АрселорМиттал Теміртауға" кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін айтты.
Ал Виджай Гоял барлық тексеру шарасына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.
Әлихан Смайылов АрселорМиттал компаниясының басшылығымен кездесу өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Премьер-министр "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығына талап қойды
Жаңалықтар
0