Саясат

Қошанов өкілеттігі тоқтатылған депутат туралы: алыс кетіп бара жатқан жоқ

Sputnik
АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Елнұр Бейсенбаев
Бүгін парламенттің төменгі палатасы депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.
Палата төрағасы Ерлан Қошанов оған алғыс білдіріп: "Алыс кетіп бара жатқан жоқ қой, кездесіп тұрамыз", - деді.
Айта кетері, Елнұр Бейсенбаев Amanat партиясының атқарушы хатшысы қызметіне тағайындалған болатын. Бұрынғы хатшы Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі болды.
Саясат
Жаңа министрлер Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді