https://sputnik.kz/20230111/zhana-ministrler-ant-berdi-31008531.html
Жаңа министрлер Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді
Жаңа министрлер Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Үкіметтің 2023 жылдағы алғашқы отырысы жаңа министрлердің ант беру рәсімінен басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 11.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-11T08:21+0500
2023-01-11T08:21+0500
2023-01-11T08:58+0500
саясат
қазақстан
халық
ант
министр
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0b/31009461_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_2fbc1200f5b5c04d35b15606d2eeddcf.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Үкіметтің 2023 жылдағы алғашқы отырысы жаңа министрлердің ант беру рәсімінен басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Әділет министрі Азамат Есқараев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова, мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан халқына ант берді. "Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық, конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қауымдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді су жаңа министрлер үкімет отырысында. Еске салсақ, 4 қаңтарда президент үкімет құрамын жаңартты. Министрлер кабинеті алты жаңа есіммен толықты, қалған министрлер өз орнында қалды. Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Зүлфия Сүлейменова Серікқали Брекешевтің орнына келді. Ол қайта құрылған Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқарды. Айта кетері, Сүлейменова енді үкіметтегі ең жас министр, 32 жаста. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Қайырбек Өскенбаевтың орнына Марат Қарабаев келді. Оқу-ағарту министрі болған Асхат Аймағамбетовті Ғани Бейсембаев алмастырды. 1990 жылғы Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды. 43 жастағы Азамат Есқараев әділет министрі болып тағайындалды, бұған дейін бұл қызметті Қанат Мусин атқарды.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0b/31009461_115:0:1075:720_1920x0_80_0_0_2ff6372ef713c18b4ee645b57d86ae55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, халық, ант, министр
қазақстан, халық, ант, министр
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Үкіметтің 2023 жылдағы алғашқы отырысы жаңа министрлердің ант беру рәсімінен басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әділет министрі Азамат Есқараев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова, мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан халқына ант берді.
"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық, конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қауымдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді су жаңа министрлер үкімет отырысында.
Еске салсақ, 4 қаңтарда президент үкімет құрамын жаңартты. Министрлер кабинеті алты жаңа есіммен толықты, қалған министрлер өз орнында қалды.
Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Зүлфия Сүлейменова Серікқали Брекешевтің орнына келді. Ол қайта құрылған Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқарды. Айта кетері, Сүлейменова енді үкіметтегі ең жас министр, 32 жаста.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Қайырбек Өскенбаевтың орнына Марат Қарабаев келді.
Оқу-ағарту министрі болған Асхат Аймағамбетовті Ғани Бейсембаев алмастырды. 1990 жылғы Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.
43 жастағы Азамат Есқараев әділет министрі болып тағайындалды, бұған дейін бұл қызметті Қанат Мусин атқарды.