АСТАНА, 10 қаңтар - Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша сағат 04.12-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Қазақстан аумағында, Қырғызстанмен шекаралас жерде болған. Бұл Алмарасан шатқалы мен Шымбұлақ арасындағы жер.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.0. MPV, магнитудасы 4,2. Тереңдігі 20 шақырымға жетеді.