Елорда тынысы

Жаңа жылда жаңа көпір: Астана әкімі нысан құрылысымен танысты

Sputnik
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Биыл Астанада Тәуелсіздік даңғылының бойында Есіл өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірі ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Мен жолдардағы көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдететін көпір құрылысының барысымен таныстым. Ол Тәуелсіздік даңғылы, жаңа вокзал ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті ауданы, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелері мен Момышұлы даңғылын сол жақ жағалаумен байланыстырады" - деп хабарлады әлеуметтік желіде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.
Тәуелсіздік даңғылының бойында Есіл өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірінің құрылысы
Қала басшысы құрылыс қарқынын арттыру міндетін алға қойғанын атап өтті. Оның айтуынша, елорданың көлік қозғалысын жеңілдету үшін жаңа көшелер, жолдар мен көпірлер салу және жобалау жұмыстары жалғасады.
"Аудандар мен коммуналдық қызмет алдында да қар тазалау жұмысын күшейту міндеті тұр. Ауа райының құбылмалылығын, ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, көлік қозғалысы көп аймақты, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдарын қардан тазалауға баса назар аудару қажет", - деп жазды елорда басшысы.
Көпір биыл қолданысқа берілмек