https://sputnik.kz/20230109/zhana-zhylda-zhana-kopir-astana-akimi-nysan-qurylysymen-tanysty-30946677.html
Жаңа жылда жаңа көпір: Астана әкімі нысан құрылысымен танысты
Жаңа жылда жаңа көпір: Астана әкімі нысан құрылысымен танысты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Биыл Астанада Тәуелсіздік даңғылының бойында Есіл өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірі ашылады, деп хабарлайды елорда... 09.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-09T07:51+0500
2023-01-09T07:51+0500
2023-08-09T17:03+0500
елорда тынысы
астана
әкім
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e7/01/08/30945614_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_fef23e6a4445979f6a9d6fb9bd49603d.jpg
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Биыл Астанада Тәуелсіздік даңғылының бойында Есіл өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірі ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты."Мен жолдардағы көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдететін көпір құрылысының барысымен таныстым. Ол Тәуелсіздік даңғылы, жаңа вокзал ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті ауданы, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелері мен Момышұлы даңғылын сол жақ жағалаумен байланыстырады" - деп хабарлады әлеуметтік желіде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.Қала басшысы құрылыс қарқынын арттыру міндетін алға қойғанын атап өтті. Оның айтуынша, елорданың көлік қозғалысын жеңілдету үшін жаңа көшелер, жолдар мен көпірлер салу және жобалау жұмыстары жалғасады."Аудандар мен коммуналдық қызмет алдында да қар тазалау жұмысын күшейту міндеті тұр. Ауа райының құбылмалылығын, ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, көлік қозғалысы көп аймақты, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдарын қардан тазалауға баса назар аудару қажет", - деп жазды елорда басшысы.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/08/30945614_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_54629f643ef0fd537c5a2f8a65228115.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, әкім, құрылыс
Жаңа жылда жаңа көпір: Астана әкімі нысан құрылысымен танысты
07:51 09.01.2023 (жаңартылды: 17:03 09.08.2023) АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Биыл Астанада Тәуелсіздік даңғылының бойында Есіл өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірі ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Мен жолдардағы көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдететін көпір құрылысының барысымен таныстым. Ол Тәуелсіздік даңғылы, жаңа вокзал ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті ауданы, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелері мен Момышұлы даңғылын сол жақ жағалаумен байланыстырады" - деп хабарлады әлеуметтік желіде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.
Қала басшысы құрылыс қарқынын арттыру міндетін алға қойғанын атап өтті. Оның айтуынша, елорданың көлік қозғалысын жеңілдету үшін жаңа көшелер, жолдар мен көпірлер салу және жобалау жұмыстары жалғасады.
"Аудандар мен коммуналдық қызмет алдында да қар тазалау жұмысын күшейту міндеті тұр. Ауа райының құбылмалылығын, ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, көлік қозғалысы көп аймақты, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдарын қардан тазалауға баса назар аудару қажет", - деп жазды елорда басшысы.