АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Диетолог, медицина ғылымдарының кандидаты Маргарита Королева жаңа жылдық мерекелерден кейін арықтаудың әдісін атады, деп хабарлайды Life.ru.
Оның айтуынша, артық салмақтан арылғысы келетіндердің ас мәзірінің 50%-і буға пісірілген көкөніс болуы керек. Маман тәулігіне 500-700 грамм көкөніс жеуге кеңес берді.
"Олар иммунитетті сақтауға жағдай жасап қана қоймайды, сонымен қатар жақсы детоксикацияны қамтамасыз етеді. Тәтті және майлы тағамдар салдарынан ағзада жинақталған өнімдерді кетіреді", - деді дәрігер.
Көкөніс пен жеміс-жидек
© Photo
Ол диетаға витаминдерді қосып, табиғи протеиндерді көбірек жеген жөн екенін атап өтті.
"Аптасына екі-үш рет қызыл ет жеу керек. 45 жастан асқан адамдар үшін - он күнде немесе аптасына бір рет", - деп қосты ол.
Диетологтың айтуынша, тұздан бас тарту керек, өйткені ол ылғалды сақтайды. Сондай-ақ, маман дене артық заттардан тез арылуы үшін көп су ішуді ұсынды.
"Егер тұздан бас тартып, жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішсек, жинағанымыздың жартысынан көбін жоғалтамыз. Нәтижесін бірден сезінесіз", - деді дәрігер.