АЛМАТЫ, 9 қаңтар - Sputnik. Ақтау маңында жанармай цистернасы жарылған кезде зардап шеккен екі адамның бірі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Lada.kz.
Екі науқас та жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалаған болатын.
Еске сала кетсек, 7 қаңтарда сағат 21:00 шамасында Ақтау маңындағы "BBJ GROUP" ЖШС көлік компаниясының базасында жанармайға толы цистерна жарылған болатын.
Салдарынан екі адам түрлі дене жарақатымен шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі күні цистернаның не себепті жарылғанын жауапты органда анықтап жатыр.