https://sputnik.kz/20230108/almatyda-zhanar-may-beketinde-er-adam-30936229.html
Алматыда жанармай құю бекетінде ер адам әріптес әйелді соққыға жықты - видео
Алматыда жанармай құю бекетінде ер адам әріптес әйелді соққыға жықты - видео
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 8 қаңтар - Sputnik. Алматыда Petrol Asia жанармай құю бекетінің жұмысшысы әріптес әйелді соққыға жықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 08.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-08T11:33+0500
2023-01-08T11:33+0500
2023-01-08T12:33+0500
оқиға
алматы
ер адам
әйел
https://sputnik.kz/img/07e7/01/08/30936360_0:441:769:873_1920x0_80_0_0_ea90581c3ac0313ab3dcea9f8c4ecbf7.jpg
АЛМАТЫ, 8 қаңтар - Sputnik. Алматыда Petrol Asia жанармай құю бекетінің жұмысшысы әріптес әйелді соққыға жықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 6 қаңтар таңғы сағат 7 шамасында болған. "Жанармай құятын адам маған пластикалық ыдысқа жанармай құйып бер" деді. Туысына беретінін айтты, мен көнбедім. Ол мені балағаттады. Сәлден кейін жылыту құрылғысын сұрады. Мен ашуланып отырып, оны да бермедім. Сәлден соң шақырып, жылытқышты ал дедім, ол келмеді", - дейді кассир Толқын Талқанбаева.Таңғы кезегін өткізген Толқын Талқанбаева жанармай құю бекеті ғимаратынан сыртқа шыққан кезде ашулы әріптесі камера жоқ, қалқа тұсқа апарып бетінен аяусыз соққылай бастаған. Аузы-басы қанға малынып кассада отырған Толқын Талқанбаеваны сатып алушылар видеоға түсіріп алған. "Сол жерге полиция келген. Апайымды ауруханаға апарған. Тістері, босап, мұрны сынып кеткен. Әріптес ер адам оның басын темірге соққан. Таңғы 7-ден кешке дейін апайым больницада жалғыз жүрген. Басшылығы ешбір шара қолданбаған. Антонина есімді басшысы "маған не істей аласыңдар" деп жауап берді", - дейді жәбірленушінің туысы Шынар Бақбергенова. "Толқынның тісі сынған жоқ, жай ғана аузы қанады" деген Petrol Asia бекетінің менеджері оқиғаға қатысты жауап беруден ат-тонын ала қашты. Ал үлкен басшылық жіберген сауалымызға тіпті үн қатпады. Туыстарының айтуынша, Толқын Талқанбаеваның жағдайы ауырлап барады. Олар соққыға жыққан жұмысшы мен немқұрайлы қараған басшылық жауапкершілікке тартылса, дейді. Полиция істің мән-жайы тексеріліп жатқанын айтты. "Бұл оқиғаға байланысты полиция жанармай құю бекетіне барды. Адамға дене жарақатын салған адамның үстінен жәбірленуші арыз жазды. Іс тексеріліп жатыр", - деді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/08/30936360_0:369:769:945_1920x0_80_0_0_6b243b11ae47f92ff6c3de5e78963738.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы, ер адам, әйел
АЛМАТЫ, 8 қаңтар - Sputnik. Алматыда Petrol Asia жанармай құю бекетінің жұмысшысы әріптес әйелді соққыға жықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Оқиға 6 қаңтар таңғы сағат 7 шамасында болған.
"Жанармай құятын адам маған пластикалық ыдысқа жанармай құйып бер" деді. Туысына беретінін айтты, мен көнбедім. Ол мені балағаттады. Сәлден кейін жылыту құрылғысын сұрады. Мен ашуланып отырып, оны да бермедім. Сәлден соң шақырып, жылытқышты ал дедім, ол келмеді", - дейді кассир Толқын Талқанбаева.
Таңғы кезегін өткізген Толқын Талқанбаева жанармай құю бекеті ғимаратынан сыртқа шыққан кезде ашулы әріптесі камера жоқ, қалқа тұсқа апарып бетінен аяусыз соққылай бастаған.
Аузы-басы қанға малынып кассада отырған Толқын Талқанбаеваны сатып алушылар видеоға түсіріп алған.
"Сол жерге полиция келген. Апайымды ауруханаға апарған. Тістері, босап, мұрны сынып кеткен. Әріптес ер адам оның басын темірге соққан. Таңғы 7-ден кешке дейін апайым больницада жалғыз жүрген. Басшылығы ешбір шара қолданбаған. Антонина есімді басшысы "маған не істей аласыңдар" деп жауап берді", - дейді жәбірленушінің туысы Шынар Бақбергенова.
"Толқынның тісі сынған жоқ, жай ғана аузы қанады" деген Petrol Asia бекетінің менеджері оқиғаға қатысты жауап беруден ат-тонын ала қашты. Ал үлкен басшылық жіберген сауалымызға тіпті үн қатпады.
Туыстарының айтуынша, Толқын Талқанбаеваның жағдайы ауырлап барады. Олар соққыға жыққан жұмысшы мен немқұрайлы қараған басшылық жауапкершілікке тартылса, дейді.
Полиция істің мән-жайы тексеріліп жатқанын айтты.
"Бұл оқиғаға байланысты полиция жанармай құю бекетіне барды. Адамға дене жарақатын салған адамның үстінен жәбірленуші арыз жазды. Іс тексеріліп жатыр", - деді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.