АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда соңғы бір аптада қар құрсауында қалған 1212 адам құтқарылды. Оның 175-і бала, деп хабарлады Polisia.kz.
Соңғы бір аптада ескертуді елемеген мыңнан астам адам қар құрсауында қалды.
"3-5 қаңтар аралығында полиция қызметкерлері төтенше жағдай қызметтерімен және қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, 1212 адамды эвакуациялады, олардың 173-і балалар. Шамамен 100 автокөлікті қардан сүйреп шығарды", - деп мәлімдеді ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.
Ал ауа райының нашарлауына байланысты жабық учаскелер туралы сенімді ақпаратты 112, 102 телефондары арқылы, сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының байланыс орталығының 1403 телефоны арқылы білуге болады.