Қардың орнын аяз басады: үш күнге ауа райы болжамы жасалды

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек идет по заснеженной улице
Человек идет по заснеженной улице  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Циклонның әсерінен еліміздің барлық аумағында дерлік ауа райы құбылмалы болады, Қазақстанның шығысында қалың қар жауады, ал оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады.
Республика аумағында бұрқасындатып, көктайғақ болады, батыста және оңтүстікте тұман түседі.
Бірақ 7 қаңтарда еліміздің батысынан суық арктикалық антициклон жылжып келе бастайды, жауын-шашын бірте-бірте тоқтап, батыста, содан кейін елдің қалған аумағында ауа температурасы күрт төмендейді деп болжанып отыр.
Еліміздің батысында, орталығында 20-28 градус, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-33 градус, шығыста 5-13 градус, ал республиканың оңтүстігінде 0-10 градусқа дейін аяз болады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2021
Қоғам
Биыл Қазақстанда қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады
Жаңалықтар
0