Қазақстанның басым аумағында дабылды ескерту жарияланды

Sputnik
АЛМАТЫ, 3 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның басым аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, борандатады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың басым аумағында дабылды ескерту жарияланды.
Атырау облысы
4 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, 20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ұлытау облысы
4 қаңтарда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасындатады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жезқазғанда 4 қаңтарда күндіз бұрқасындатып, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
4 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде қатты жел соғады, жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.
Петропавлда да қар жауып, бұрқасындатып, күшті жел тұрады.
Павлодар облысы
4 қаңтарда Павлодар облысының басым бөлігінде бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Павлодар қаласында да ауа райы қолайсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с, екпіні – 23 м/с.
Абай облысы
Семей қаласында 3 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысы
3 қаңтарда Атырау облысының шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ал Атырау қаласында 3 қаңтарда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысы
3 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с боран соғады.
Түркістан облысы
3 қаңтарда Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын болады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түсіп, секундына 20 метр жылдамдықпен боран соғады. Боранның екпіні кей жерлерде 28 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысы
Қарағанды қаласында 3 қаңтарда бұрқасындатады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысы
3 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, бұрқасындатады. Солтүстік-батыстан және батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.