https://sputnik.kz/20230103/qazaqstannyn-basym-aumagynda-dabyldy-eskertu-zhariyalandy-30821787.html
Қазақстанның басым аумағында дабылды ескерту жарияланды
Қазақстанның басым аумағында дабылды ескерту жарияланды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның басым аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, борандатады, деп хабарлайды Қазгидромет. 03.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-03T15:06+0500
2023-01-03T15:06+0500
2023-01-03T15:06+0500
дабылды ескерту
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22797151_3:0:1919:1078_1920x0_80_0_0_8fac3e8e8cf1c09123e07efa5c1c2d95.jpg
АЛМАТЫ, 3 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның басым аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, борандатады, деп хабарлайды Қазгидромет.Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың басым аумағында дабылды ескерту жарияланды.Атырау облысы4 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, 20 м/с жылдамдықпен жел соғады.Ұлытау облысы4 қаңтарда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасындатады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.Жезқазғанда 4 қаңтарда күндіз бұрқасындатып, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с.Солтүстік Қазақстан облысы4 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде қатты жел соғады, жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.Петропавлда да қар жауып, бұрқасындатып, күшті жел тұрады.Павлодар облысы4 қаңтарда Павлодар облысының басым бөлігінде бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Павлодар қаласында да ауа райы қолайсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с, екпіні – 23 м/с.Абай облысыСемей қаласында 3 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.Атырау облысы3 қаңтарда Атырау облысының шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ал Атырау қаласында 3 қаңтарда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.Маңғыстау облысы3 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с боран соғады.Түркістан облысы3 қаңтарда Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын болады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түсіп, секундына 20 метр жылдамдықпен боран соғады. Боранның екпіні кей жерлерде 28 м/с дейін жетеді.Қарағанды облысыҚарағанды қаласында 3 қаңтарда бұрқасындатады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді.Ақтөбе облысы3 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, бұрқасындатады. Солтүстік-батыстан және батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22797151_242:0:1679:1078_1920x0_80_0_0_7a2583438ae4298de145f179a9c2234d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дабылды ескерту
АЛМАТЫ, 3 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның басым аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, борандатады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың басым аумағында дабылды ескерту жарияланды.
4 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, 20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
4 қаңтарда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасындатады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жезқазғанда 4 қаңтарда күндіз бұрқасындатып, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
4 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде қатты жел соғады, жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.
Петропавлда да қар жауып, бұрқасындатып, күшті жел тұрады.
4 қаңтарда Павлодар облысының басым бөлігінде бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Павлодар қаласында да ауа райы қолайсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с, екпіні – 23 м/с.
Семей қаласында 3 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
3 қаңтарда Атырау облысының шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ал Атырау қаласында 3 қаңтарда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
3 қаңтарда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с боран соғады.
3 қаңтарда Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын болады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түсіп, секундына 20 метр жылдамдықпен боран соғады. Боранның екпіні кей жерлерде 28 м/с дейін жетеді.
Қарағанды қаласында 3 қаңтарда бұрқасындатады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді.
3 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, бұрқасындатады. Солтүстік-батыстан және батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.