АЛМАТЫ, 3 қаңтар - Sputnik. Арқалық- Торғай тасжолында 5 көлік соқтығысып, тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 3 қаңтарда сағат 14.03-те болған. "Toyota" жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, салдарынан бес көлік соқтығысқан.
"Toyota" көлігі алдымен "Ниссан" автокөлігімен одан кейін тағы үш көлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан "Ниссан" жүргізушісі оқиға орнында қаза болды", - деді Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Балғожин.
Жол апатынан 9 адам зардап шекті, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар жүргізіледі.