Оқиға

Үш адам жансақтау бөлімінде, бір жүргізуші көз жұмды: тасжолда 5 көлік соқтығысты

© Photo : POLISIA_KZАрқалық-Торғай тасжолында 5 көлік соқтығысты
Арқалық-Торғай тасжолында 5 көлік соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 қаңтар - Sputnik. Арқалық- Торғай тасжолында 5 көлік соқтығысып, тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 3 қаңтарда сағат 14.03-те болған. "Toyota" жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, салдарынан бес көлік соқтығысқан.

"Toyota" көлігі алдымен "Ниссан" автокөлігімен одан кейін тағы үш көлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан "Ниссан" жүргізушісі оқиға орнында қаза болды", - деді Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Балғожин.

Жол апатынан 9 адам зардап шекті, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар жүргізіледі.
© Photo : Polisia.kz.Арқалық-Торғай тасжолында 5 көлік соқтығысты
Арқалық-Торғай тасжолында 5 көлік соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2023
Арқалық-Торғай тасжолында 5 көлік соқтығысты
Жаңалықтар
0