АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл түні жұмыс істеген азаматтарға алғысын білдірді.
"Жаңа жыл түнінде азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге, полицейлерге, әскери қызметшілерге, коммуналдық және басқа да салалардағы азаматтарға алғыс айтамын", - деп жазды президент әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тоқаев оларға зор денсаулық, бақ-береке тіледі.